Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оқытуды ұйымдастыру
Алғашқы көмек — медицина қызметкерлері келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамның өзі (өзіне-өзі көмек) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) жүргізетін, адам өмірін құтқаруға, шұғыл жағдайлардағы асқынулардың алдын алуға, сондай-ақ кезек күттірмейтін жағдайда зардап шеккен адамның денсаулығы мен өміріне төнген қатерді азайтуға бағытталған шұғыл базалық іс-шаралар кешені.
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі. 90-бап, 1 және 6-тармақтар
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығы «Медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Алғашқы көмек көрсету стандартын бекіту туралы»
Алғашқы көмек курстарынан міндетті түрде өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдар контингенті:
1) жедел және халықпен өзара іс-қимылға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметкерлері;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, ұлттық немесе мемлекеттік қауіпсіздік органдарының, ұлттық гвардия әскерлерінің әскери қызметшілері;
3) өртке қарсы қызмет қызметкерлері;
4) авариялық-құтқару қызметінің құтқарушылары;
5) әуе, су және темір жол көлігі экипаждарының мүшелері;
6) қоғамдық автокөлік құралдарының барлық түрлерінің жүргізушілері;
7) ведомстволық және жеке күзет ұйымдарының жұмыскерлері;
8) білім беру ұйымдарының жұмыскерлері (оқу орындарының барлық түрлерінің оқытушылары, мектепке дейінгі және оқу-тәрбие мекемелерінің қызметкерлері);
9) қауіпті өндірістік объектілердің жұмыскерлері;
10) денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық білімі жоқ жұмыскерлері
- Белгіленген мемлекеттік үлгідегі сертификат
- Тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының хаттамасы
- Оқу-әдістемелік материал
- 3 жылда 1 рет
Алғашқы көмек көрсету
дағдыларына оқыту
Жалпы ережелер
Қызметкерлердің міндеттері
Жағдайлар тізбесі
Іс-шаралар тізбесі
«Медицина — шын мәнінде барлық өнердің ең асылы.»
Online курс
Алғашқы көмек
Пайдалы ақпарат
Курс туралы пікірлер
Сертификат үлгісі
